21-11-18 |
1650 рет қаралған
Украина парламенті Кировоград облысы атауын өзгертуді қолдады.
Украина Жоғарғы Радасы Кировоград облысын Кропивницкий облысы деп өзгертуді қолдап дауыс берді. Бұл шешімді енді Конституциялық сот қарайды. Облыс атауын ауыстыруды парламенттің 239 депутаты қолдады. Олар сонымен қатар Кировоград ауданын да Кропивницкий ауданы деп өзгертуді мақұлдады. Парламент депутаттары Днепропетровск облысының атауын Сечеславск деп өзгертуді де талқылауы тиіс.

Конституциялық сот облыс атауларын өзгерту туралы заң жобасын мақұлдаса, ол Жоғарғы Радаға қайта түседі. Құжатты бекіту үшін Жоғарғы Раданың кемінде 300 депутаты қолдауы тиіс.

2016 жылы Жоғарғы Рада Кировоград қаласына 19-ғасырда осы қалаға таныла бастаған актер Марк Кропивницкийдің есімін берген. Сол жылы Днепропетровск қаласы да ресми түрде ауызекі тілде қолданылатын Днепр деп өзгертілген. Бірақ екі облыс та осы күнге дейін Кировоградск және Днепропетровск деп аталады. Олардың атын өзгерту үшін Украина конституциясына өзгеріс енгізу керек.

Украинада 2015 жылдан бері коммунизм белгілерінен арылу (декоммунизация) туралы заң аясында мыңға тарта қала, кент пен елді мекен атаулары өзгертілді, Ленин мен басқа да коммунистік қайраткерлердің екі мыңға жуық ескерткіші сүрілді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.