Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиынға Қырғызстан азаматы Әсел Әлімқұлова қатысқан. Оның сөзінше, күйеуі Шайырбек Төлеухан Қырғызстандағы Қытай компаниясының атқарушы директоры болған. 2016 жылы Қытайға іссапарға кеткелі хабарласпаған күйеуі саяси оқу лагерінде отырғанын бұрынғы жұмыс орнынан естіген.
«Күйеуім саяси үйрену лагерінде ме, әлде басқа жақта ма? Жолдасым қазақ болғаннан кейін Қазақстан билігінен көмек сұраймын. Өйткені Қырғызстан оның Қытай азаматы екенін алға тартып, іске араласқысы келмей отыр» дейді Әсел Әлімқұлова.
Жиынға келген Халида Ақытханқызы «Қытайда қалған үш ұлы мен келіндері қамауда екенін, олардан қалған он төрт немересінің қайда жүргенін біле алмай отырғанын» айтып жылады.
2017 жылдың сәуірінен Қазақстан ақпарат құралдарында Қытай қазақтарының қысымға ұшырағаны туралы жиі айтыла бастады.
Қытай этникалық азшылық өкілдерін саяси лагерьлерге топтап қамайтыны жайлы Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен түрлі елдердің баспасөзі жазып келеді.
Қазанның 16-сына Шыңжаң үкіметінің төрағасы Шохрат Закир «осындай орталықтардың арқасында аймақ діни экстремистік әрекеттерден аман қалғанын, қазір жағдайдың қауіпсіз әрі тұрақты екенін» айтқан. Закирдің сөзінше, мұндай орталықтарда отырғандар мандарин тілін (қытай тілінің ірі диалектісі) меңгеріп, заманауи ғылым үйренеді. Саяси лагерьлерді «тегін кәсіп үйрену орталықтары» деп сипаттаған шенеунік мұнда «мамандық жетілдірумен қатар, спорттық мәдени шаралар өтетінін де» айтқан.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024