26-11-18 |
1590 рет қаралған
Өзбекстан әскерінің дайындығын тексеретінін Қырғызстанға ескертті.
Өзбекстан Қырғызстанға өз әскерінің соғысқа қаншалықты дайындығын тексеретінін ескертті. Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан бұл жайлы нотаны 25 қарашада жолдаған.

Нотада Өзбекстан жағы Қырғызстан билігіне 2018 жылдың 26 қарашасында Өзбекстан армиясының әскери дайындығын және техникалық мүмкіндіктерін тексеретінін ескерткен.

Құжатта сонымен бірге бұл шараның Өзбекстанның халықаралық қауымдастықтағы өзіне алған міндеттемелеріне сай өткізілетінін, қандай да бір басқа мемлекетке қарсы мүддесі жоқ екенін атап өткен.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.