Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде азат елде ойы сергек, танымы терең жаңа буын өсіп жетілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тәуелсіздігіміз жарияланған 1991 жылғы 16 желтоқсан – ұлт шежіресінде алтын әріппен жазылған тарихи күн. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде азат елде ойы сергек, танымы терең жаңа буын өсіп жетілді. Тоқсаныншы жылдары дүниеге келген балалар бүгінде азамат болып, мемлекетті дамытуға атсалыса бастады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы бұл кезеңдегі жас буын Қазақстан, Мәңгілік ел ұғымдарын жадына жаттап, түйсігіне тоқып өскенінен назар аудартты.
«Жуырда жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаламда әлемдік өркениетке қосқан үлесімізді кеңінен атап көрсеттім. Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу арқылы ел егемендігін баянды ете аламыз. Сонда ғана келешек ұрпағымыздың рухы биік болып, жан дүниесі жаңарады. Ұлттық код пен рухани жаңғырудың бір қыры осында деп білемін. Қазақстанның біртұтастығы, ұлтымыз бен жұртымыздың терең мәдениеті беделімізді биіктете түседі», – деді ҚР Президенті.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024