29-03-24 |
2210 рет қаралған
Аягөз ауданында су тасқыны қаупі бар аймақтардан азаматтарды эвакуациялау жалғасуда.
Аягөз ауданында су тасқыны қаупі бар аймақтардан азаматтарды эвакуациялау жалғасуда

28 наурыз кешкісін Аягөз өзенінің су деңгейі көтерілуі тіркелді, деп мәлімдеді ТЖМ.

Осыған орай, сақтық шараларын сақтау мақсатында Аягөз өзеніне жақын орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адамды мектеп-интернат жатақханасына және жасөсіпірімдер спорт мектебіне алдын ала эвакуациялау басталды.

«Қазіргі уақытта тұрғындарды уақытша орынға жеткізу үшін 3 автобус бөлінген. Алайда тұрғындардың көпшілігі уақытша туған-туыстарының үйлеріне кетіп жатыр. Сонымен қатар, Аягөз өзеніне жақын Ешмағанбетов, Шыңғожа батыр көшелерінің тұрғындарына сақтық шараларын сақтау ескертілді. Ескерту жұмыстарында – 324 тұрғын қамтылды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мамырсу ауылдық округінде судың деңгейі көтеріліп, сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен жағасына жақын орналасқан 10 үйге, (оның ішінде 30 ересек, 40 бала) ескерту жұмыстары жүргізілуде.

Эвакуация пункті дайын. Төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.