23-05-19 |
3430 рет қаралған
«Астана су арнасы» компаниясының төрт жұмысшысы қаза болды.
«Астана су арнасы» компаниясының төрт жұмысшысы қаза болды

«Астана су арнасы» компаниясының төрт жұмысшысы қаза болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов facebook парақшасында хабарлады.

Әкім қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, жанұяларына бар көмек жасалатынын да жазған. Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов жауапты мекемелерге қайғылы оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, себеп-салдарын анықтауды тапсырған.

«Астана су арнасы» компаниясының жұмысшылар бүгін кәріз жүйесі станциясында демонтаждау жұмыстарын жүргізген. Жұмыс кезінде бір жұмысшы өзін нашар сезініп, станция ішіндегі диаметрі 3,5 метр тереңдігі 10 метр болатын құдыққа құлаған. Құдықтың ішінде үш метр деңгейінде сұйықтық болған. Екінші жұмысшы құлаған әріптесін құтқармақ болып сатымен төмен түскенде ол да есінен танып қалған. Одан кейін үшінші және төртінші жұмысшы бірінің артынан бірі түсіп, естерінен танып, тіл тартпай қаза болған. Шамасы олар метанға уланып қайтыс болған болуы керек. Мүрделерді құдықтан шығарғанда оларда газға қарсы тұмылдырық болмаған. Алайда, аман қалған жұмысшылардың айтуынша, респиратор болған. Бәлкім олар жұмысты аяқтаған соң, газға қарсы тұмылдырықты шешіп тастаған болуы мүмкін. Егер оны шешпегенде бәрі аман қалар еді. Қаза болғандар 1988, 1993, 1995 және 1967 жылы туған азаматтар», депті ІІМ төтенше жағдай комитетінің басшысы Владимир Беккер.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.