Біз
әлеуметтік
желіде
05-06-25 |
680 рет қаралған
Бейбіт Әлібековтің 270 млн теңге тұратын сағатын ұрлап кетті.
Бейбіт Әлібековтің 270 млн теңге тұратын сағатын ұрлап кетті

Өзінің авторлық киім, парфюмерия және аксессуарлар брендімен танымал белгілі блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековті Мадрид қаласының қақ ортасында тонап кеткен. Ұры оның бағасы 270 миллион теңгеге дейін жететін Richard Mille RM 11-03 өте қымбат сағатын көз ілеспес жылдамдықпен қолынан шешіп алған.

Оқиға Испанияның Мадрид қаласындағы Full Season қонақ үйінің жерасты автотұрағындағы лифт маңында болған.

«Әдетте мен сергек жүремін, бірақ сол сәтте сәл босаңсып кетіппін… Біреу білегімнен ұстай қалды. Өз адамым болар деп ойладым. Сөйтсем, ұры екен. Сағатты жұлып алып қашып кетті», — Бейбіт Instagram-дағы парақшасында деді.

Бұл қандай сағат?

Richard Mille RM 11-03 Automatic Flyback Chronograph White Ceramic NTPT нұсқасындағы әлемдегі ең қымбат сағаттардың бірі. Қара нарықтағы бағасы $450,000–$600,000 яғни 202,5–270 млн ₸ аралығында.

Қуу, камералар, ДНҚ

Бейбіт ұрының артынан қуа жөнелгенімен, қуып жете алмаған. Алайда бұл іске бейнебақылау камералары мен куәгерлердің көмегі тиген. Испанияның муниципалдық полициясы ұрыны тез анықтапты. Ол Усама есімді марокколық азамат болып шыққан. Бұрын да тонау ісімен ұсталған екен.

Кейін тонаушылар ұйымдасқан қылмыстық топ (ОПГ) екені белгілі болды. Сол күні олар америкалық туристі сабап, оның Rolex сағатын да тартып алған.

«Олар ештеңеден тайынбайды», — дейді Бейбіт.

Консулдық, полиция және сот

Қазақстанның Испаниядағы елшілігі, аудармашылар және Бейбіт Әлібековтің белсенді әрекеттері арқасында іс сотқа жетті. Қылмыскерлер Мадридтен 40 шақырым жерден ұсталған.

«Бұл — нағыз сот болды. Олардың қолынан менің сағатым да, басқа қылмыстарға қатысы бар дәлелдер де табылды, — деп жазады Әлібеков.

Финал: сағат табылды, ұрылар тұтқындалды

Сөйтіп, Қазақстан консулдығы және испан полициясының бірлескен жұмысының арқасында Әлібековтің сағат қайтарылып, ұрылар қамауға алынды.

«Бұл оқиға халықаралық жанжалға айналуы мүмкін еді. Бірақ бәрі нақты әрі тиімді жұмыс істеді. Қазақстан — алға!» — деп түйіндейді кәсіпкер.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.