Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданының Жымпиты ауылына барып, қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтты.
Бұған дейін айтылғандай, облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және отбасыға қажетті басқа да көмектерді көрсетуге қолдау білдірмек.