Біз
әлеуметтік
желіде
04-06-25 |
630 рет қаралған
БҚО әкімі Сырым ауданында болған қайғылы оқиғақа қатысты мәлімдеме жасады.
БҚО әкімі Сырым ауданында болған қайғылы оқиғақа қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғылара көңіл айтып, отбасына әкімдік тарапынан көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

«Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр.  Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары. Жағдай менің жіті бақылауымда», — деді облыс басшысы.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.