Дон тау-байыту комбинатының (ГОК) «Болашақ» шахтасында болған төтенше жағдай салдарынан үш адам күйік алды.
«Дон ТБК-ның «Болашақ» шахтасының өндіру блогында ауа ортасының қысқа уақыттық тұтануы орын алды. Құрал-жабдықтарды орнатып жатқан үш кезекші электрслесарь зардап шекті. Олар беті мен қолының білезік тұсынан күйік алған. Зардап шеккендер жедел түрде Хромтау қалалық орталық ауруханасына жеткізіліп, оларға қажетті білікті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады сейсенбі күні «Қазхром» корпорациясының баспасөз қызметі.
Компания өкілдері кәсіпорын басшылығы дәрігерлермен және зардап шеккендердің туыстарымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.
Фото: БРК баспасөз қызметі