Ақтаудан 43 шақырым жердегі танымал жағажайда вандалдар жартастарды, болжам бойынша, аэрозоль бояумен бояп кеткен.
Бұл бассыздықты демалушылар байқап, түсірілген видеоны әлеуметтік желілерде жариялады.
«Вандалдар табиғат аясында демалып қана қоймай, жартасқа үлкен әріптермен “Үштаған” (Маңғыстау облысындағы ауыл) деп жазып кеткен. Сонымен қатар, жерде тасталған қоқыс пакеттері табылды. Бұл — қоршаған ортаға деген қарапайым құрметтің жоқтығы», – делінген видео сипаттамасында.
Желі қолданушылары көргендеріне қатты наразы болды. Маңғыстау облысында курорттық аймақтарды дамытуға ұмтылып жатқанда, жергілікті вандалдар бұл іске кедергі келтіріп отыр.
Облыстық Полиция департаменті тәртіп бұзушыларды іздестіріп жатқанын хабарлады.