Біз
әлеуметтік
желіде
19-05-25 |
210 рет қаралған
Ер адам микронесие ұйымында әйелін пышақтап тастады.
Ер адам микронесие ұйымында әйелін пышақтап тастады

Көкшетауда ер адам тапатал түсте әйеліне бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

Пышақ қолданылған отбасылық жанжал қаладағы микрокредиттік ұйымдардың бірінде болған, зардап шеккен әйел сол жерде жұмыс істейді деген болжам бар.

30 жастағы әйел көптеген кесіп-тілген жарақаттармен және 2-дәрежелі геморрагиялық шокпен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаментінің хабарлауынша, дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде жәбірленушінің күйеуі оған пышақ салған. Ол жедел түрде ұсталып, анықтау үшін полицияға жеткізілді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.