Алматы облысының полициясы Қаскелеңдегі соттан (көлік ішінен) қашып кеткен зорлау бойынша айыпталушыны ұстады. Ол шамамен екі апта бойы іздеуде болған.
Облыстық ПД мәліметінше, қашқын Ақши ауылынан табылды. Ол 1 сәуірден бастап жасырынған.
«Іздеу жұмыстарына облыстың полиция мен ұлттық ұлан күштері толық жұмылдырылды. Сондай-ақ көршілес облыстардың аумақтық бөлімшелері де тартылды», — деді ПД өкілдері.
Полицейлер қашқынның бағытын анықтап, тұрған жерін нақтылап, арнайы жасақтың көмегімен оны ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Енді ол зорлау бабымен қатар, қамаудан қашқаны үшін де сотталады.
Қалай қашқан? Алдын ала нұсқа бойынша, ол жеткізіп келе жатқанда қолындағы кісеннен босап шыққан.