Ан-2 ұшағы Тан-Құмкөл бағытына бет алған. Алайда белгілі бір сәтте ұшқышқа шұғыл қонуға тура келген. Ұшақ бортында үш адам болған. Экипажбен байланыс үзіліп, олардың қайда екені белгісіз еді.
Бұл туралы ТЖМ-нің кезекші бөліміне хабар түскен. Адамдарды бірден іздей бастады. Іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды.
Сегіз сағатқа созылған қарқынды іздеуден кейін, түннің бір уағында жоғалғандар далада табылды.
«Экипаж Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентіне эвакуацияланды. Бақытымызға орай, оларға медициналық көмек қажет болмады», — деп хабарлады ТЖМ.