Біз
әлеуметтік
желіде
23-05-25 |
340 рет қаралған
Сарапшы Шерзаттың өлімінің себептерін айтты.
Сарапшы Шерзаттың өлімінің себептерін айтты

Шерзат Полаттың отбасының адвокаттары атышулы істерде танылған сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровты сарапшы ретінде шақырған еді. Ол бұрынғы министр Бишімбаевтің ісінен кейін елге танылған болатын.

Халимназаров алдында сөз сөйлеген сарапшы — Мухит Күшеров — Шерзаттың өліміне кеуде қуысына енген пышақ жарақаты себеп болғанын мәлімдеді. Жасөспірім пышақ жарақатын сол жақтан, бесінші мен алтыншы қабырғаның арасынан алған. Бұл жарақат өмірге аса қауіпті болған.

Сол жақ көздің астында, бас аймағында және саусақтардың арасында қанқұйылу байқалғанымен, олар жеңіл жарақат болып есептеледі және өлімге себеп бола алмайды.

Халимназаров та әріптесінің қорытындысымен келісті. Ол пышақ жарақаты салдарынан көп мөлшерде қан кеткенін, дәл осы жарақат Шерзаттың өліміне тікелей себеп болғанын айтты. Ал қалған жеңіл жарақаттар өмірге қауіп төндірмеген.

«Адам 500–600 мл қан жоғалтқанда-ақ есінен танып қалуы мүмкін. Бірақ егер қан жоғалту көлемі бір литрге дейін болса және уақытында медициналық көмек көрсетілсе, адамды аман алып қалуға болады», — деп түсіндірді сарапшы.

Тахир Халимназаровтың айтуынша, Шерзат Полатты құтқаруға болар еді. Алайда жасөспірімнің плевра қуысында 1,5 литр қан жиналған. Оны өлімге душар еткен — гемоторакс.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.