Алматы облысында астық қоймасында жойқын жарылыс болды, салдарынан бір адам қаза тапты.
«АзияАгроФуд» АҚ-ның құрама жем зауыты аумағында ұн тозаңы жарылып, өрт шықты. Салдарынан төрт қызметкер зардап шекті: үшеуінің жағдайы ауыр, біреуі көз жұмған.
Кәсіпорын басшылығы оқиға болғанын растады. Басқарма төрағасы Саян Әшеновтың айтуынша, ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр, тергеу басталған.
Қазір ұш зардап шеккен адам Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Компания қаза тапқан адамның отбасына және жарақат алған қызметкерлерге толық материалдық жауапкершілікті, соның ішінде өтемақы мен қолдау көрсетуді өз мойнына алатынын уәде етті.