14-04-24 |
3440 рет қаралған
Тағы бір әйелді күйеуі елдің көзінше соққының астына алды.
Тағы бір әйелді күйеуі елдің көзінше соққының астына алды

Әлеуметтік желіде емшектегі баласы бар әйелді күйеуі соққының астына алып жатқан видео тарады.

НеМолчи қорының мәліметінше, әйел полицияға жүгіуге қорқып отыр.

Видеодан ер адамның көршілерінің көзінше әйелін балағаттап, ұрып жатқанын көруге болады. Оның жанында емшектегі баласы жатыр.

«Мұндай ерлерді бәріміз де көрдік. Және олар күшті және мас болғандықтан отбасының қожайыны іспетті. Олар балалары мен әйелдеріне зекіп, айқайлайды. Ал балалар бұған үйреніп қалған. Әкелерін көрген үлкендері пышақтардың бәрін тез тығып қояды. Ал анасы кішкентайын ұстап үлгерсе, көршісіне жүгіретін шығар, өйткені үйде түнеу қауіпті. Ол каникул болғаны қандай жақсы, балалардың ешқайда кетпейді деп ойлайды. Кейбіреулер үшін бұл жағдай мүлдем бейтаныс, тіпті шындыққа сәйкес келмейтін болып көрінеді. Бірақ көпшілігімізге бұл тым таныс. Бірақ сіз оған үйрене алмайсыз. Осындай жағдайда сенім телефонына хабарлаған адамдарға алғыс айтамыз», – деп жазды қор.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.