Танымал қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп Ақтауда ауқымды инсульттен кейін комаға түсті.
Ulysmedia.kz сайтының өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қайғылы жағдай ҚР ІІМ-нің көшпелі отырысы кезінде Ақтауда орын алған. Диас Ахметшәріпке миға қан құйылу (инсульт) диагнозы қойылған, жағдайы аса ауыр деп бағалануда.
Диас Ахметшәріп журналистік қызметін 1997 жылы «Қазақ радиосында» бастаған. Кейін ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт шолушысы болып жұмыс істеген. Ол мемлекеттік «Қазспорт» телеарнасының алғашқы директоры ретінде тарихта қалды, сондай-ақ «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.
2003–2007 жылдар аралығында Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметін басқарды, ведомстваның баспасөз хатшысы болды. Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік құрылымдарда осыған ұқсас қызметтер атқарды.