Оқиға Сайрам ауданында болған. Алдын ала дерек бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған, деп жазды otyrar.kz.
Оны іздеген туған-туыстары құзырлы органдарға хабар берген. Кейіннен кәмелетке толмаған баланың өлі денесі табылды.
Ал полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
«Полиция Сайрам ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.