Logo
Іздеу
Айдарлар

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушының мәйіті табылды.

/
Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушының мәйіті табылды.

Оқиға Сайрам ауданында болған. Алдын ала дерек бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған, деп  жазды otyrar.kz.

Оны іздеген туған-туыстары құзырлы органдарға хабар берген. Кейіннен кәмелетке толмаған баланың өлі денесі табылды.

Ал полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

«Полиция Сайрам ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді», — деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.