6 маусымға қараған түні Түркістан облысындағы шағын Торткүл ауылында топтық зорлау мен адам өлтіру туралы анонимді хабарламалар әлеуметтік желілерде тарай бастады.
Түркістан облыстық полиция департаменті колледждің бірінші курс студентінің мәйіті табылғанын растады.
«Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады полиция.
Алайда, желідегі анонимді дереккөздер оқиғаны топтық зорлау деп көрсеткенімен, неге тек бір ғана күдікті ұсталғаны әзірге түсіндірілмеді.