Біз
әлеуметтік
желіде
20-05-25 |
150 рет қаралған
Жыл басынан бері Қазақстанда балалардың терезеден құлауына байланысты 60 оқиға тіркелген.
Жыл басынан бері Қазақстанда балалардың терезеден құлауына байланысты 60 оқиға тіркелген

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау оқиғаларына байланысты алаңдаушылық білдіруде.

Жылы мезгілдің басталуымен және жазғы мектеп демалысы кезінде мұндай қайғылы оқиғалардың саны жыл сайын артады. Тек 2025 жылдың басынан бастап (19.05.2025 ж. жағдай бойынша) ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 оқиға туралы ақпарат түскен.

Олардың бесеуі оқиға орнында қаза тапты, 55 бала түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді.

2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелген болатын. Әдетте, қауіп тобына 2 жастан 13 жасқа дейінгі, ересектердің қарауынсыз қалған балалар кіреді. Көп жағдайда қайғылы жағдайлар балалардың жүктемеге арналмаған маса торларына сүйенуі салдарынан орын алады.

Ведомство басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыс күшейтілді. Құтқарушылар аулаларда, ата-аналармен кездесулерде, балалар мекемелерінде мақсатты рейдтер мен алдын алу шараларын өткізуде.

Азаматтардың қауіптер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар кеңінен қолданылуда.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.