25-05-23 |
630 рет қаралған
Унзила Шапақ: Сайлау процесі заман талаптарына сай жетіліп келеді.
Унзила Шапақ: Сайлау процесі заман талаптарына сай жетіліп келеді

Елімізде бір жыл бұрын конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты референдум өткені мәлім. Бір жыл ішінде сол конституциялық реформалардың іске асуы жүріп жатыр. Мәжіліс депутаты Унзила Шапақпен референдум, конституциялық рфеорма жайлы әңгімелескен едік.

–Бір  жыл бұрын референдумда сайлаушылар Конституциялық өзгерістерге дауыс берген еді. Сөйтіп, Атазаңның 33 бабына 56 өзгеріс енгізілген. Содан бері саяси өмірде не өзгерді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық тәжірибені ескере отырып, конституциялық реформа жөнінде батыл бастамалар көтерді.

Бұл жаңа жағдайдағы мемлекет пен қоғам дамуының негізгі аспеткілерін анықтау үшін керек. Отандық құқықтық жүйеге оң өзгерістер енгізу үшін нақты қадамдар жасалды.

  1. 51 заңға, 15 кодекске, 7 конституциялық заңдарға түзетулер енгізілді.
  2. Президент құзыреті азайып, есесіне Парламенттің рөлі күшейді.
  3. Алғаш рет адам құқығы жөніндегі уәкіл институты құрылды. Конституиялық кеңес таратылып, толыққанды Конституциялық сот жұмыс жасайды.

Референдум өткізудегі бір мақсат суперпрезиденттік басқару формасынан ықпалды Парламенті бар президенттік формаға ауысу еді. Президенттің биліктің барлық тармақтарына әсер ете алу тетіктері азайып, 1 жылда Парламент ықпалы артты ма?

–Жалпы конституциялық реформалар 7 бағыт бойынша түзетулерді қамтыды. Атап айтатын болсақ:

Біріншіден, Президентке қатысты түзетулер. Заң жобалары Президенттің жергілікті атқарушы органдарға және Жоғарғы Сот Кеңесіне қатысты жекелеген өкілеттіліктерді, Сенаттағы «Президенттік квотаны» қысқарту, сонымен қатар Президент лауазымын атқару кезеңінде енгізілетін жекелеген шектеулер бойынша түзетулерді қамтиды.

Екіншіден, Парламенттің қызметіне, яғни Парламент Палаталарын қалыптастыру тәртібіне қатысты түзетулер. Сайлау жүйесінің аралас моделіне көшуіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясының» ұсыныстары бойынша «президенттік квотаны» қолдану тәртібінің өзгеруіне байланысты түзетулер осы Заңжобаларының аясында қарастырылған. Бұдан басқа, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Парламенттің бірқатар жаңа өкілеттіктері бойынша түзетулер бар.

Үшіншіден, Үкіметке қатысты түзетулер. Енді Үкіметке Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, заңды күшіне енген уақытша қаулыларды қабылдау бойынша өкілеттіліктер беріледі. Мынаны атап өткен жөн, мұндай актілер айрықша болып табылады және осындай актілерді негізсіз қабылдау тәуекелдерін азайту талаптары және басқа жағдайлар осы заңжобаларының шеңберінде қарастырылған.

Төртіншіден, келесі түзетулер сайлау заңнамасына қатысты. Демек, сайлау жүйесінің аралас моделіне көшуіне байланысты сайлауды өткізудің жүйесі толығымен қайта құрылады. Сайлау процесі заман талаптарына сай жетіліп келеді. Депутаттық мандатты шақырту жаңа институты енгізіледі.  Ауыл, және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен енгізіледі.

Бесіншіден, саяси партияларды тіркеу тәртіптеріне қатысты түзетулер. Демек саяси партияларды тіркеу үшін оның сандық шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін, саяси партиялардың  аймақтардағы өкілдіктерінің саны 600-ден 200-ге дейін, саяси партияны құру кезіндегі бастамашыл топ азаматтарының саны 1 мыңнан   700-ге дейін минималды саны бойынша қойылатын талаптар қысқартылды.

Алтыншы, жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халық меншігіне беру бойынша Конституцияның 6-бабына қабылданған нақты түзетулер енгізу ұсынылады.

Жетінші сот лауазамына конкурстық рәсімдерін өткізу бойынша онлайн-трансляция енгізу юағыттарына арналған жекелеген түзетулер. Сонымен қатар, мәслихат төрағасының лауазмын енгізу, нормаларды реттеудің деңгейлерін анықтау және нормшығармашылық процесін қысқарту.

Жалпы заңжобаларын қабылдау өтіп жатқан саяси реформаларды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Өзін демократиялық қоғам санайтын әр мемлекеттің басты міндеті – заң үстемдігін орнату, ел азаматтары құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Референдумнан кейін құқық жүйесі қалай құбылды?

Елімізде басталған конституциялық реформа қоғам талабына толықтай жауап береді. Ал оны жүзеге асыру үшін нақты механизмдер ұсынылды. Қазір мыңнан аса адам Конституциялық сотқа арыздары мен өтініштерін ұсынуда. Осының өзінен азаматтардың құқығын қорғау мүмкіндігі едәуір артқанын байқауға болады. Бұл – біздің құқықтық өміріміздегі үлкен жаңалық деуге болады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы «Естуші мемлекет» тұғырнамасы аясын іске асыру үшін нақты тетіктер ұсынды. Конституцияға өзгерістер енгізу үшін халықпен де кеңесті. Өз кезегінде халықта референдумның мәні мен маңызын жіті түсініп, ортақ іске бір ауыздан жұмылды. Референдумның өзі – маңызды демократиялық институт. Қазақстандықтардың Президент бастамасын ойланбастан қабылдап, қолдау білдіргені де сондықтан.

Бұл ретте, «Ұлттық қор – балаларға!» атты бағдарлама да керек кезінде қолға алынған бастама болды. Өйткені ұлттық байлықты қазірден болашақ үшін сақтап қалу қажет. Бұдан бөлек, Мәжіліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлау жаңа, ерекше жағдайларда өтті. Мұның бәрі Президент жүргізіп жатқан саяси реформалардың көрінісі, айқын жемісі деп айтуға болады. 2019 жылдан бастап Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында саяси реформалардың 5 сериясы қабылданды. Сайлау, саяси партиялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде сайлау жүйесі өзгерді. Сайлаудан кейін Мәжіліске жаңа саяси партиялар келді, олар заңға енгізілген өзгерістердің арқасында 5 мың қолдаушымен тіркелуге мүмкіндік алды. Әрине, бұл біздің еліміздегі саяси әртүрліліктің қалыптасуына қызмет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, оны жаңашылдық, сайлау ерекшелігі деп атауға болады. Сонымен қатар, дауыс беру бюллетеніне «барлығына қарсы» деген жаңа Жол енгізілді. Біз оның өткен кезектен тыс президенттік сайлауда да қолданылғанын көрдік. Нәтижесінде барлығына қарсы дауыс берген сайлаушылардың үлесі 5 пайызды құрады. Бұл сонымен қатар азаматтардың құқығы. Кез келген сайлаудың әділ өтуі азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, бақылаушылар институты бүгінде қарқын алуда. Яғни, байқаушылардың дауыс беру кезінде де, дауыстарды санау кезінде де қатысуы сайлауды әділ, ашық өткізуге үлкен үлес қосады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.