Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Айбек Арқабайұлы 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған.
Ол 2022 жылдың 11 қантарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болды.
ІІ класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.