06-02-24 |
6760 рет қаралған
Айбек Дәдебаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Айбек Дәдебаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айбек Арқабайұлы 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған.

Ол 2022 жылдың 11 қантарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болды.

ІІ класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.