09-04-19 |
26030 рет қаралған
Қанат Бозымбаев: Қазақстанда атом электр станциясы болмаса, электр қуатының тапшылығы туады.
Қанат Бозымбаев: Қазақстанда атом электр станциясы болмаса, электр қуатының тапшылығы туады

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты шешім «ашық әрі жария түрде қабылданады» деді. Бұл туралы министр 9 сәуірде өткен үкімет отырысынан кейін айтты, – деп жазады azattyq.org

Министрдің сөзінше, АЭС құрылысына қатысты кеңес алу үшін бірнеше елге хат жолдаған.

– Бес елге – АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея, Ресей мен Қытайға [АЭС құрылысы бойынша] технология мен коммерциялық-экономикалық ұсыныстарын айтуы үшін хат жібердік. «Росатом» компаниясына да мұндай ұсыныс жіберілді. Нақтысы – АЭС салу туралы әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ. Әлі зерттеп жатырмыз, – дейді ол.

Министр «болжам бойынша, 2030 жылдары Қазақстанда атом электр станциясы болмаса, электр қуатының тапшылығы туады» дейді.

– Себебі жыл сайын электр энергиясына сұраныс артып келеді. 30-жылдарға қарай бәрібір бір станция салуымыз керек. Үкімет АЭС салу туралы шешім қабылдаса, онда жария түрде қоғамдық талқылаудан соң қабылданады. АЭС салу соңғы алты-жеті жылдан бері талқыланып жатыр. Тағы бір-екі жыл керек сияқты, – дейді министр.

Бүгін, 9 сәуірде таңертең Қазақстан президенті телерадио кешені «Нұр-Сұлтан мен Мәскеудің алтын дәуірі» атты деректі фильмнің министр Бозымбаев сұхбат берген үзіндісін жариялады. Әлгі сұхбатта Бозымбаев «Қоғам қатты сынға алып жатқанын түсінеміз. Бұған, әсіресе, Семейдегі ядролық полигоннан соң қалыптасқан фобия әсер етіп жатыр. Полигон зардабы азаматтардың есінде ұмытылмастай қалып кетті» дейді.

Оның сөзінше, «бұл – Ресей тарапының тілегі ғана».

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Назарларыңызға "Золотая эпоха Нур-Султана и Москвы" атты біздің жаңа деректі фильмнен үзінді ұсынамыз. Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев соңғы кезде елдің қызу талқысына түскен Қазақстандағы АЭС құрылысы туралы сұрақтарға жауап берген еді. Толық сұхбатты жақын арада көрсеңіздер болады. Жіберіп алмаңыздар! ______________________ Представляем вам отрывок из нашего нового документального фильма "Золотая эпоха Нур-Султана и Москвы". Министр энергетики Канат Бозумбаев отвечает на волнующий всех вопрос о строительстве АЭС в Казахстане. Полное интервью вы можете увидеть в скором времени. Не пропустите!

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Президент Владимир Путин Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сәуірдің 3-інде Мәскеуде кездескен кезде АЭС салуға көмектесу ниетін жария етті.

Бір күннен соң Қазақстанның энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев елде АЭС салу туралы нақты шешім қабылданбағанын айтты. Оның айтуынша, елде атом электр станциясына арналған аумақ ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы мен Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.