16-05-18 |
3450 рет қаралған
Цифрландыру қалай жүзеге асып жатыр?.
Цифрландыру қалай жүзеге асып жатыр?

Ақпараттық-технологиялар сәт санап дамып, күн сайын тың жаңалық ашылып жатқан заманда ол әлемдік ағыннан тыс өмір сүру мүмкін емес. Технологиялар күнделікті өмірімізге дендеп енген сайын оны мемлекеттің өз даму бағдарына қарай икемдеуі, арнайы бағдарламалар қабылдау арқылы өз жолын таңдауы заңды. Сол үшін де «Цифрлі Қазақстан» бағдарламасына аса мән беріліп, іс-шаралар легі жиілеп, бағдарламаның әр тармағының іске асуы жіті қадағаланып отыр.

«Цифрлі Қазақстан» бағдарламасына шетелдік мықты мамандар кеңес бергенімен бағдарламаның негізгі әрі ауқымды жұмысын отандық мамандар, компаниялар іске асырады. Сондықтан да бұл іске білікті мамандар мен тәжірбиелі компанияларды тарту кезек күттірмейтін іс екені өзінен  өзі түсінікті жайт. Мәселен, 16-мамырда вице-прьемер Асқар Жұмағалиев қазақстандық IT-компаниялар өкілдерімен кездескенде жоғарыда айтылғандай, мамамандар мен компанияларды «Цифрлі Қазақстан» бағдарламасына белсене араласуға үндеді.

Рас, бағдарламаға қатысып, іске кірісіп кеткен компаниялар да бар. Мысалы, биылғы жылдың басынан бері 176 компания «Цифрлі Қазақстан» бағдарламасына қатысып, өз ұсыныстары түсіріп, жұмыс жасап жатыр. Соның ішінде 8 комания цифрландыру бағдарламасының жеті жобасына дайын шешімдер ұсынса, отыз жеті жобаны бағдарламаға қатысушы компаниялар бірлесе қарастырып жатқан көрінеді. Цифрландыруға қатысатын компаниялардың саны мұнымен шектелмейтін секілді. Өйткені, компаниялар аталған бағдарламаның барлық қатыссақ деп отыр. Тіпті халықаралық бәсекелесттіке де дайын екендіктерін айтып, вице-прьемерге алыс-жақын шетелдерге арнай сапар ұйымдастыру ұсынысын да айтты.

         Аталмыш кездесуде Асқар Жұмағалиев тағы да барлық IT компанияларды бағдарлама қатысуға шақырып, олардың онлайн жиналыстар қатысуға мүмкіндіктері және арнайы орындар белгіленгені айтты. Және өз жұмыс кестесінің жария екенін, соған қарай компания өкілдерімен цифрландыру бойынша кездесулерді жиі өткізетінін де хабарлады. Міне, осылай «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы алға басып, оған қатысушы компаниялар саны уақыт өткен сайын молая беретін түрі бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.