Алаш қозғалысының айшықты тарихы қай заманда да айрықша болып қала бермек. Өткен жылы өз жұмысын аяқтаған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия бұл бағытта терең зерттеу жүргізуге үлкен мүмкіндік берді. Сол комиссия жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі – жақында Алаш қозғалысына арналған 12 томдық еңбек жарық көреді.
Бұл еңбек жайында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Qazaqstan» телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында тоқталған болатын.
«Кезінде комиссия мүшелігіндегі әріптестерімізбен ақылдаса отырып, біздің азаматтардың іздейтін ерекше тақырыбы Алашорда тақырыбына өзгеше қызығушылық болатынын ескеріп, осылардың ішінен Алашорда қайраткерлеріне қатысты қозғалған істерді бөлек жинақтап, бөлек том қылып шығарайық деп келістік. Барлық материалдарды қосқан кезде жалпы саны 12 том шығатын болды» – деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, 12 томда жарияланатын материалдардың көбісін алаштанушы ғалымдардың өздері де әлі көрмеген. Бұл – үлкен ғылыми жаңалық.
«Алашорда қайраткерлеріне арналған материалдар мен істердің барлығы алғаш рет жарияланатын болады, ғылыми айналымға алғаш рет енгізілгелі отыр. Бұл 12 том алдағы бірнеше онжылдықтарға ғалымдарға біраз азық болатын материалдар.», – дейді Қарин мырза.
2 мың тиражбен шығып жатқан 12 том деректердің уақыт жүйесіне, тарихи маңыздылығына қарай бөлім, тарауға, бағыттарға бөлініп, 1920 жылдан бастап, 1960 жылға дейін аралықтағы тарихи құжаттар қамтылған. 40 жылдың тарихтың өшпес тарихы таңбаланған тың деректердің жарыққа шығуы бұл бағыттағы зерттеу ісінде жаңа көкжиек болары хақ.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024