Біз
әлеуметтік
желіде
30-05-25 |
340 рет қаралған
Италия Премьер-министрі Астанаға келді.
Италия Премьер-министрі Астанаға келді

Мемлекет басшысы мен Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Сізді Қазақстанда қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарымызға тың серпін беруде маңызды, тіпті, шешуші рөл атқаратынына сенімдімін. Италия – Қазақстанның Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің бірі. Кешелі-бүгін Астанада Италия бизнесінің көптеген өкілінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз.

Джорджа Мелони:

– Сіздің еліңізге алғаш рет келіп отырмын. Өте қуаныштымын. Өзіңіз айтқандай, екі елдің қарым-қатынасы өте жақсы. Алайда бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге әрдайым мүмкіндік бар. Біз Қазақстанды Италияның, сондай-ақ Еуропаның маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде Орталық Азия өңірі стратегиялық мәнге ие болды. Мемлекеттер басшылары деңгейінде бірінші «Италия – Орталық Азия» саммитін ұйымдастырғаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Бұл басқосу аймақпен қарым-қатынасымыздағы тарихи сәт болады деп ойлаймын. Қазіргі сындарлы кезеңде біз үшін барлық деңгейде ынтымақтастық орнату өте өзекті.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.