Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Белорусьтегі қалыптасқан жағдай Ресейді алаңдататын айтты. Бұл туралы ол Ресей телеарнасындағы «60 минут» хабарында мәлім еткен.
Лавров Белорусь халқы сыртқы күштердің жетегіне кетпей, өз мәселелерін өздері шешеді деп үміттенетінін айтқан. Сондай-ақ ол: «Айтылған нәрсе сайлау керемет өтті дегенді білдірмейді. Әрине, жоқ. Оған көп дәлел бар» деді.
Белорусьте президент сайлауы нәтижесімен келіспеген халық қарсылығы әлі жалғасып жатыр. Лукашенко болса қайта сайлау өтпейтінін айтты.