19-08-20 |
330 рет қаралған
Лавров: Белорусьтегі жағдай бізді алаңдатады.
Лавров: Белорусьтегі жағдай бізді алаңдатады

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Белорусьтегі қалыптасқан жағдай Ресейді алаңдататын айтты. Бұл туралы ол Ресей телеарнасындағы «60 минут» хабарында мәлім еткен.

– Белорусь халқы, Белорусь басшылығы тап болған елдегі қиын жағдайға сыртқы күштер араласып, араласып қана қоймай, олар өздеріне пайдалы талаптарды Белорусьтерге таңғысы келеді. Геосаясат және постсоветтік кеңістік үшін күрес жүріп жатқанын ешкім жасырмайды.

Лавров Белорусь халқы сыртқы күштердің жетегіне кетпей, өз мәселелерін өздері шешеді деп үміттенетінін айтқан. Сондай-ақ ол: «Айтылған нәрсе сайлау керемет өтті дегенді білдірмейді. Әрине, жоқ. Оған көп дәлел бар» деді.

Белорусьте президент сайлауы нәтижесімен келіспеген халық қарсылығы әлі жалғасып жатыр. Лукашенко болса қайта сайлау өтпейтінін айтты. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.