Біз
әлеуметтік
желіде
20-03-25 |
2340 рет қаралған
Өскемен қаласы әкімдігі азаматтардың конституциялық құқығын бұзған.
Өскемен қаласы әкімдігі азаматтардың конституциялық құқығын бұзған

Өскемен қаласындағы сот жергілікті әкімдіктің бейбіт жиналыс өткізуге берген бас тартуын заңсыз деп таныды.

Сот жергілікті атқарушы органның шешімінің заңсыз екенін анықтады. Сот талап арызды қанағаттандыру керек деген қорытындыға келді. Өскемен қаласында бейбіт жиналыс өткізу туралы хабарламаны қанағаттандырудан бас тарту әрекетін заңсыз деп танып, қала әкіміне сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде Карташевтің бейбіт жиналыс өткізу туралы хабарламасын қарастыруды және оның орындалуының нәтижесі туралы сотты хабарлауды міндеттейді», — деп айтылған сот шешімінде.

Қаңтар айында Өскемен қаласының белсендісі Леонид Карташев жергілікті әкімге өз конституциялық құқықтарының бұзылғаны туралы сотқа арыз берді. Ол бейбіт жиналыс өткізуге бас тартуды заңсыз деп танып, соттан осы шешімді өзгертуін сұрады. Сотқа арыз беру үшін белсендіге негіз болған себеп — жергілікті биліктің қаладағы әлеуметтік мәселелер бойынша бейбіт митингілерді өткізуге бірнеше рет сылтау айтып, мүмкіндік бермеген.

Әкімдік митинг өткізілу көзделген орынды сол күні және сол уақытта мәдени іс-шаралармен байланысты деп негіздеді.

Белсендідің талап арызын қанағаттандыру туралы шешімінде сот әкімдіктің Карташевке бейбіт жиналыс өткізуге бас тартқан кезде оның орны мен уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасамағанын, сондықтан белсендінің бұл ұсынысқа келісіп немесе келіспегенін білмегенін атап өтті, бұл — шешімнің заңсыздығын көрсетеді. Сонымен бірге сот Конституциялық соттың қаулысымен сілтеме жасады, онда әкімдіктер бас тартқан жағдайда азаматтарға бейбіт жиналыс үшін баламалы орын мен уақыт ұсынуға міндетті.

Соңғы екі жылда Өскемен белсенділері бейбіт жиналыс өткізу туралы әкімдікке ондаған хабарлама бергенгенімен бәріне митинг өткізілетін орын бос емес екені туралы хат алған. Әкімдік митинг өткізуге орын бермеуді белсенділер көрсеткен орын мен уақытта басқа іс-шаралармен немесе жөндеу жұмыстарымен «алдын ала» толтырылғандығымен түсіндірген. Алайда, Карташевтің айтуынша, көрсетілген уақытта бұл іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілмеген.

Қазақстанда бейбіт жиналыстар өткізу тек хабарлау тәртібіне негізделген, бірақ құқық қорғаушылардың айтуынша, берген хабарламаларға қарамастан, белсенділердің биліктен рұқсат алуы керек. Рұқсатсыз өткізілген бейбіт жиналыстар заңбұзушылық болып саналады және оның ұйымдастырушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Құқық қорғаушылар бұл заңды бірнеше рет сынға алып, оның жетілдірілмегенін және азаматтардың құқықтары қатты шектелетінін айтқан.

Сондай-ақ, Өскемен қаласы әкімдігі ресми парақшасының мемлекеттік тілдегі нұсқасында әкімнің аты-жөні орысша жазылған. Бұл да қала әкімдігінің деңгейінің бір көрсеткіші болса керек.

Өскемен қаласы әкімдігі азаматтардың конституциялық құқығын бұзған
БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.