Орта Азия және Қазақстан Қытайға миллиардтаған доллар қарыз. Мәселен, Қазақстан Қытайға 8 млрд 990 млн доллар қарыз. Қазақстан қарыз алған мемлекеттер ішінде Қытай 7 орында тұрса да Қытайдың Қазақстан экономикасына ықпалы үлкен. Қазақстанға қарыз берген елдер тізімі: Голландия, Ұлы Британия, Ресей, АҚШ, Франция, Бермуд аралдары, Қытай.
2021 жылдың есебіне қарағанда, Қытайдың Қазақстан мұнай өндірісі саласындағы үлесі 16% жуық. Сондай-ақ, Қазақстанда 300 ге жуық Қытаймен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Қытай Қазақстан өз тауарларын экспорттайтын елдердің де бірі. Қазақстанның Қытайға экспорты 16% жуық. Бұл цифр мұнай өндірісі саласындағы Қытайдың үлесімен сәйкес келеді.
Ал Өзбекстан Қытай 4 млрд доллар қарыз, Қырғызстан 1 млдр 758 млн доллар берешек. Тәжікстан Қытайға 992 млн 500 мың доллар қарыз.
Қытай аталған елдерге қарызды төмен пайызбен ұзақ уақытқа береді. Бірақ қарыз туралы келісімшарттар жабық. Қазақстан жақында Қытай азаматтарының Қазақстанда визасыз жүру уақытын 30 күнге созды. Қазақстан қоғамында елге «Қытай қаптайды» дейтін қорқыныш, қауіп бар. Бірақ билік ондай қауіптің барын жоққа шығарады.
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
18.12.2024