Қазақстан халқының 70 пайызына жуығы мемлекеттік тілде сөйлейді. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ өткен отырыста айтты.
«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Бүгін өзіміздің ана тілімізде сөйлеуге ешкім ешқандай кедергі жасап отырған жоқ. Үкімет отырыстарының барлығы қазақ тілінде өтеді. Сондықтан оны одан әрі дамыту әрбір қазақтың қолындағы, бойындағы парыз деуге болады. Қазір Қазақстан халқының 70 пайызына жуығы мемлекеттік тілде сөйлейді», – вице-премьер.
Ералы Тоғжанов айтуынша, Қазақстанда тұратын өзге ұлттардың қазақ тілінде сөйлеуіне болашақта мүмкіндік жасалады.
«Дегенмен, оны ары қарай дамытуымыз керек. Әсіресе, мектептер, колледждер, ЖОО-лар деңгейінде. Мектептердің өзінде сабақтардың 70% жуығы қазақ тілінде өтеді. Бұл үлкен жобалардың бірі. Қазіргі кезде ол Мәдениет және спорт министрлігінен білім саласына берілді. Демек, тілдің нақты әдістемесін жетілдіре отырып, әр қазақ баласына, санасына енгізіп, Қазақстанда тұратын бүкіл ұлттардың болашақта мемлекеттік тілде сөйлеуіне мүмкіндік жасалды. Бірақ оны жүзеге асыру бәріміздің мойнымызда», – деді Тоғжанов.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024