Біз
әлеуметтік
желіде
22-05-25 |
100 рет қаралған
Трамп: Путин соғысты тоқтатуға дайын емес.
Трамп: Путин соғысты тоқтатуға дайын емес

Wall Street Journal газетінің дереккөздеріне сүйенсек, дүйсенбі күні Дональд Трамп еуропалық көшбасшылармен телефон арқылы сөйлесу кезінде Владимир Путиннің Украинадағы соғысты тоқтатуға дайын еместігін жеткізген. Оның айтуынша, Ресей президенті жеңіске жетіп жатырмын деп санайтындықтан, соғысты тоқтатуға ниетті емес.

Бұл әңгіме Трамп пен Путиннің екі сағатқа созылған телефон әңгімесінен кейін болған. Екі тарап та бұл әңгімені оң бағалаған.

Басылым атап өткендей, Еуропа елдерінің көшбасшылары бұған дейін де Путиннің соғысты тоқтатуға дайын емес екенін түсінетін, бірақ бұл жолы олар бұл ақпаратты тікелей Трамптан естіп отыр. Айта кетерлігі, Трамп бұған дейін бірнеше рет Путиннің бейбіт келісімге келгісі келетінін мәлімдеген болатын.

Ал Ақ үй Wall Street Journal-ға түсініктеме беруден бас тартып, АҚШ президентінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына сілтеме жасаған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.