Әңгіме туралы Ақ үй басшысы Truth Social желісінде бөлісті.
«Біз Украинаның ресейлік ұшақтарға жасаған шабуылын және екі тарап тарапынан жасалып жатқан әртүрлі басқа шабуылдарды талқыладық. Әңгіме жақсы өтті, бірақ бұл бірден бейбітшілікке әкелмейді», — деп жазды Трамп.
Оның айтуынша, Путин жақында аэродромдарға жасалған шабуылға жауап беруге «мәжбүр болады». Бұл Ресейдің стратегиялық авиация ұшақтары зақымданған «Өрмек» операциясына қатысты.
«Президент Путин жақында аэродромдарға жасалған шабуылға жауап беруіне тура келетінін өте қатаң мәлімдеді. Біз сонымен қатар Иран мәселесін және Иранның ядролық қаруға қатысты шешім қабылдауы керек мерзімнің аяқталып қалғанын талқыладық», — деп қосты Трамп.
Бұған дейін ресейлік БАҚ «Паутина» операциясына қатысы бар деп күдікке ілінген украиналық Артём Тимофеевтің Қазақстанға кетуі мүмкін екенін хабарлаған еді.