Украинада соғыс басталғалы бері 631 бала қаза тауып, тағы 1975-тен астамы жарақат алды. Бұл туралы Украина Бас прокуратурасының кеңсесі мәлімдеді.
Балалар ең көп зардап шеккен өңірлер — Донецк, Харьков, Херсон, Днепропетровск, Киев, Запорожье, Николаев және Сумы облыстары.
Украина тарапы бұл деректердің нақты емес екенін атап өтті — тек аты-жөні расталған жағдайлар ғана ескерілген.
Қазіргі уақытта ұрыс жүріп жатқан және оккупацияланған аумақтарда нақты есеп жүргізу мүмкін емес.