12-08-18 |
3630 рет қаралған
V Каспий саммитінің маңызы неде?.
V Каспий саммитінің маңызы неде?

Бүгін Ақтауда V Каспий саммиті басталады. Бес мемлекет үшін де аса маңызды шара Ақтаудағы «Достық» үйінде өтеді. Саммитке ррезидент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Алиев, Иран Ислам Республикасының Хасан Рухани, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов келеді. Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық статусы, Каспийде экономика, көлік, экология, қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық орнату және басқа да мәселелерді талқылайды. Самиттің негізгі қорытынды құжаты Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы конвенция болады делініп отыр.

Конвецияны әзірлеу жұмысы 20 жыл бойы жүргізіліп, осыған дейін Каспий маңы елдері басшыларының  2002 жылы Ашхабадта, 2007 жылы Тегеранда, 2010 жылы Бакуде кездесулері өткен. Бүгінгі бесінші отырыс Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы конвенция қабылданатын өте маңызды кездесу болмақ.

Саммит жұмысынан әр елден келген жүзден аса журналист хабар таратпақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.