Маңғыстау облысының әкімдігі 52 автокөлікті жалдауға шамамен бюджеттің 203 миллион теңгесін жұмсауға дайын, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші -«Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы. Қызмет түрі – қызметтік көлік құралдарын жалдауға алу, жоспарланған сома- 202 800 000 теңге», – деген мәлімет 2020 жылдың 31 қаңтарында орналастырылған мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды.
Мемлекеттік байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау басталып кеткен. Аяқталуы – 15 қаңтарда сағат 19.00-де деп белгіленген.
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған деректерге сүйенсек, Маңғыстау облыс әкімдігі құны 202 миллион теңгеге шығатын 52 автокөлікті наурыз бен желтоқсан айы аралығында жалға алуды жоспарлап отыр.