04-01-21 |
520 рет қаралған
МАҢҒЫСТАУ ӘКІМДІГІ АВТОКӨЛІК ЖАЛДАУ ҮШІН 203 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БЕРУГЕ ДАЙЫН.
МАҢҒЫСТАУ ӘКІМДІГІ АВТОКӨЛІК ЖАЛДАУ ҮШІН 203 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БЕРУГЕ ДАЙЫН

Маңғыстау облысының әкімдігі 52 автокөлікті жалдауға шамамен бюджеттің 203 миллион теңгесін жұмсауға дайын, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Тапсырыс беруші -«Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы. Қызмет түрі – қызметтік көлік құралдарын жалдауға алу, жоспарланған сома- 202 800 000 теңге», – деген мәлімет 2020 жылдың 31 қаңтарында орналастырылған мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды.

Мемлекеттік байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау басталып кеткен. Аяқталуы – 15 қаңтарда сағат 19.00-де деп белгіленген.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған деректерге сүйенсек, Маңғыстау облыс әкімдігі құны 202 миллион теңгеге шығатын 52 автокөлікті наурыз бен желтоқсан айы аралығында жалға алуды жоспарлап отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.