09-08-19 |
1100 рет қаралған
Етін жеп, сүйегін беріп отыр.
Етін жеп, сүйегін беріп отыр

Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша мал шаруашылығы саласындағы көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда бірден 10,5%-ға артты. Басқа салалардың 50 пайызы өсімін мына көрсеткіштің тым құрығанда жартысына жеткізсе Қазақстан экономикасы  қарыштар еді, ал үкімет ұжымдық еңбек ері атанар еді! Негізі, жаңа ауылшаруашылығы министрі Сапархан ОМАРОВТЫҢ үкімет отырысындағы есебіне қарасақ, жағдай біршама сенім ұялатады. Сиыр етін өндіру бойынша 2018 жылдың қорытындысына сәйкес ішкі тұтыну 98%-ға жетті, ал экспортқа 19,9 мың тонна шығарамыз. Қой етін экспорттау 3 мың тоннаны құрайды. Доңыз етінің экспорты да қанағаттанарлық – 400 тоннаны құрап отыр.

Бастысы адамды қанаттандыратын болашаққа жоспар емес пе

Ет өндірудегі малшаруашылығы дамуының ұзақмерзімді бағдарламасы 10 жылда ет комбинаты мен жем-шөп алаңы бар кооперацияларда жұмыс істейтін 80 мың отбасылық шаруашылық құруды жоспарлап отыр.

Сүт өндірудегі малшаруашылығының ұзақмерзімді бағдарламасы сүт өндіруді 1 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлаған. Құс шаруашылығын дамыту бағарламасы өнімнің өсуін үш еседен артық қылуды қарастырып жатыр. Доңыз шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша өнім екі есеге дейін өседі деп жоспарлануда. Міне, бұл министрдің есебінен көрсетілген деректер.

Әлеуметтік желілерде қазіргі ауылшаруашылығы министрі, басқаша айтқанда “жай әншейін ресми ғанаотыр, ұзақ мерзімді жоспарлар оған дейін бекітіліп қойған, көптеген мемлекеттік қаражат есебі жоспар бойынша, ендігі министрдің жұмысы ақша ағымын өз жөнімен таратуға кедергі келтірмеу деп айтып жатыр. Тіпті олай болса да, егер ақша нақты іске жұмсалып жатса онда расымен де кедергі келтірмеген жөн.

Ақша қомақты. Мысалы биылғы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 429 млрд теңге қарастырылып отыр. Біздегі ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 4,5 трлн теңге, яғни біздің дүкен сөрелеріндегі өнеркәсіптік тауарлар бағасының әр бір оныншы теңгесі мемлекеттік (біздің, яғни салықтөлеушілердің есебінен) дотация.

Оптимистік бағытымыздан айнымайық. Стратегиялық тұрғыда ет өндірісіне көбірек көңіл бөлу және экспортқа шығаруды көздеу өте дұрыс қадам. Түсіндіретін болсақ, қазір әлемдік нарықта кез келген тауарды кез келген көлемде шығаруға еш кедергі жоқ, тауарды өткізумен проблема бар. Сондықтан барлық дамыған елдер өз өндірушілерін барынша қорғайды, ал өзінікі еместерден табиғатынан жоқ дүниені ғана кіргізеді. Мысалы, Қазақстанның мұнайы, қара және түсті металлдар және шикі уран. Сондай-ақ өңделмеген астық. Мысалға, дәл осылай өзбек ағайындар бізден ұн емес, бидай сатып алады, себебі ұн тартатын күшті құрылғылар олардың өздерінде де бер.

Шындығына келсек, жоспардың ауқымдылығына қарамастан металлургия мен машинажасау саласында шикізат емес экспортты жолға салу мүмкіндігіміз ауылшаруашылығы өнімі бойынша ғана бар. Технологиялық өңдеуде мал өсіру өсімдік өсіруден кейінгі екінші орында. Ет ғана емес, ет өнімдерін экспорттауды жлға қойсақ тіпті тамаша болар еді.

Ал енді статистикаға назар аударсақ, биылғы жылдың қаңтары мен мамыры аралығында шетелге жіберілген ет 7,6 мың тонна, ал елге кіргізілгені 65,3 мың тонна, яғни тоғыз есе көп! Балғын сиыр етініңі балансы шамамен мынандай – 1,5 мың тонна шығарып, 1,2 мың тонна кіргізілген, ал мұздатылған (жердің бір түкпірінен келіп жатқан) ет өнімдері 4,9 мың тонна, ал шетелге кетіп жатқаны бар-жоғы 0,2 мың тонна екен. Жылқы етімізді өзіміз ғана жейді екенбіз (қазақпыз ғой!), алайда шетелден келіп жатқан жылқы еті 832 тонна (мұнымыз қалай, қазақтар?).

Экспорт пен импортта статистикалық айырмашылық құс етінде тіпті алшақтық байқалады: экспортқа шыққан құс еті 4,7 мың тонна болса, импорт 57,7 мың тоннаны құрайды.

Ал енді ақшаға шаққанда қанша болады екеніне келер болсақ, ет экспорты Қазақстанға 20,6 млн доллар қаражат әкелсе, импорт қалтамыздан 66,9 млн. долларды қағып кеткен.

Еттен жасалған өнімдер туралы айтар болсақ, шұжық, сосискалар, қақталған ет, консервіленген етті шет мемлекеттерге 1,6 мың тонна сатып, 17,4 мың тонна сатып алдық. Бұдан дастарханымыздағы негізгі ет өнімдері өзіміздікі емес екенін көреміз. Сәйкесінше 2,7 млн доллар кіріс, 36,2 млн доллар шығынбұл біреуден алған азық-түлікке төлеген қаражатымыз.

Министрге сұрақ: егер мыңдаған тонна мұздатылған сиыр еті импортталатын болса қайдағы 98% қамтамасыз ету? Бұл қазақстандықтардың дастарханына емес, әшейін консервілерге деген түсініктемені қалай ұғынамыз? Қазақстанның шұжығы аргентинаның етінен жақсы дайындала ма?

Біртүрлі екен: елде қайта өңдеуге ет тапшы, мұндай ет өңдеуге үзілді-кесілді ет жетпейді, сондықтан импорт еттер әкелуге тура келеді. Есесіне мынандай дисбаланс тізбегі бұрыннан бар және ет экспортында қарқынды дамуға неше мәрте уәде берді.

Еске салайын, қарқынды даму бағдарламасы сонау 2011 жылы қабылданған. 2016 жылға дейін экспортты 60 мың тоннаға жеткіземіз, 2020 жылға қарай 180 мың танна болады делінген. Тиісті ақша да бөлінді, бұзауларды ұшақпен тасымалдағандарын барлық ел көрді. Нәтиже: 2016 жылы экспорт 12 мың тоннадан аз, яғни бес есе аз, ал 2019 жылы 180 мың тоннаның орнына бес айда сыйыр етін экспорттау 1,7 мың тоннаны құрап отыр. Ауылшаруашылығы министрлігінің сөзінше 20 –ма, әлде тіпті 25 мың тонна ма… Сенейік. Бірақ мұндай “рекорд” жай ғана уәде етілген емес, қомақты қаржыландырылған жоспардан жеті есе аз.

Мұндай ауқымды алшақтық кері әсерін тигізбеді ме? Жоқ, әрине, бізде ондай болмайды! Өткен жылы мал шаруашылығын дамытудың жаңа салалық бағдарламасы шықты, онда екі жаңалық бар; Біріншіден, алдыңғы нәтиже сәтсіздік емес, “мал шаруашылығын дамытудың негізін қалыптастыру”. Екіншіден, ешқандай қарқынды сандар енді жоқ. Кемімейтін мемлекеттік қаржыландырудың есебінен бұйыртқаны болады.

Тағы бір жаңа идеологиялық мазмұн: қабылданған модель көшпенділер дәстүріне негізделгендәл осылай жазылған. Барлық мемлекеттік субсидияны алғанда мұнша көшпенді табылар ма екен – бұл бір дау туғызатын сұрақ. Даусыз басқа нәрсе бар: мемлекеттік қолдау нақты істерге жұмсалуы керек, құрғақ уәде мен өзгелердің емес өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесіне жұмыс істеу керек.

Ет экспортынан әзірге қазақтың танымал даңғазалығын ғана көріп отырмыз. Өзіміз қарызға аламыз, есесіне көршілер таңдай қақсын! Оның үстіне қызыққан адамдарға даңғазалық тиімді, себебі мемлекет субсидия бөлген экспорт мысалға қытай сатып алушысына арзандатып береді, сондай-ақ жеткізушінің қалтасын да қампитады.

Енді еттен басқа да мәселелерге көшейік. Қазір ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда жиналғанды да, шетелдің де ауылшаруашылық техникасын бірдей субсидиялайды. Оның ішінде мемлекеттік қолдаудың көп бөлігі шетелге кетіп жатыр. Оның ішіндегі ең элиталысы ет ОдағыАгроөндірістік комплекстің ақсаусақтары деуге болады, оларды мұндай тәртіп ашықтан ашық қорғайды. Ол утильизациялық жинақтауды енгізуге байланысты оппозицияны басқарады ғой, бұл тағы да ұлттық машина жасауға ашық қарсылық. Және осының бәрі мемлекетің қолдауымен. Міне осылай бізге етін жеп, сүйегін беріп отыр.

Пётр СВОИК

Автордың мақаласы орыс тілінен аударылды

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.