Тбилисиде өтіп жатқан Цифрлық үкімет саласындағы мүмкіндікті дамыту бойынша халықаралық іс-шараның аясында Астана мемлекеттік қызмет хабының (Хаб) Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов Корея Республикасының Ішкі істер және қауіпсіздік министрі Санг-Мин Лимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Санг-мин Ли 2019 жылы Алихан Байменовтің Кореяға сапары кезінде бастамашылық еткен бірлескен аймақтық жоба арқылы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша озық тәжірибелер мен біліммен алмасудың маңыздылығын атап өтті. Министр Корея Республикасының алдыңғы қатарлы шешімдері мен тәжірибесін аймақ елдерінде, соның ішінде COVID-19 кезеңінде тарату бойынша Хаб қызметін жоғары бағалады.
Өз кезегінде Алихан Байменов Министрлікке Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі мемлекеттік қызметшілер мен практиктердің әлеуетін арттыруға көрсеткен қолдауы мен үлесі үшін алғыс айтты. Ол бірлескен жоба аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен зерттеулердің тиімділігін атап өтіп, Кореяның мемлекеттік секторды цифрландырудағы, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданудағы жетекші рөліне тоқталды.
Тараптар бірлескен жобаны іске асырудың алдағы жоспарларын, оның ішінде оны кеңейтуі туралы талқылады.
Астана мемлекеттік қызмет хабы (Хаб) Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен, Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігімен (MOIS) және Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігімен (NIA) бірлесіп Орталық Азияның жеті елінде (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) және Кавказдағы (Әзербайжан, Армения, Грузия) елдермен мемлекеттік басқару жүйесіне инновацияларды енгізу және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді цифрландырумен айналысатын мемлекеттік қызметшілер мен практиктердің әлеуетін арттыру бойынша аймақтық жобаны іске асырады. Жоба үш жылға есептелген (2021-2023 жж.) және зерттеу, семинарлар, конференциялар, сондай-ақ оқу сапарларынан тұрады.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024