2021 жылы кәсіпкерлік үшін қолайлы елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 75-ші орынға орналасты. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму деңгейі 100-ден 0,9 ұпайды құрады.
«ҚР барлық рейтингтік санаттарға сәйкес емес деп бағаланды. ТМД елдерінің ішінде Ресей 22-орын, Украина 51-орын, Беларуссия 57-орын, Әзірбайжан 71-орынға тұрақтаған. Тек үш мемлекеттің көрсеткіші Қазақстаннан төмен болып шықты. Ол Өзбекстан 76-орын, Гватемала 77-орын және Сальвадор 78-орын», – деп атап өтті сарапшылар.
2021 жылдың маусым айының басында елімізде 1,1 миллион белсенді жеке кәсіпкерлік субъектілері болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% артық.
Кәсіпкерлік бойынша елімізде үш жетекші облыстың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысы да кірді.