11-06-21 |
350 рет қаралған
Бизнес жүргізуге қолайлы 78 елдің ішінде Қазақстан 75-орында.
Бизнес жүргізуге қолайлы 78 елдің ішінде Қазақстан 75-орында

2021 жылы кәсіпкерлік үшін қолайлы елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 75-ші орынға орналасты. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады.

Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму деңгейі 100-ден 0,9 ұпайды құрады.  

«ҚР барлық рейтингтік санаттарға сәйкес емес деп бағаланды. ТМД елдерінің ішінде Ресей 22-орын, Украина 51-орын, Беларуссия 57-орын, Әзірбайжан 71-орынға тұрақтаған. Тек үш мемлекеттің көрсеткіші Қазақстаннан төмен болып шықты. Ол Өзбекстан 76-орын, Гватемала 77-орын және Сальвадор 78-орын», – деп атап өтті сарапшылар.

2021 жылдың маусым айының басында елімізде 1,1 миллион белсенді жеке кәсіпкерлік субъектілері болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% артық.

Кәсіпкерлік бойынша елімізде үш жетекші облыстың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысы да кірді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.