09-01-24 |
32130 рет қаралған
Әйелін сабаған Рахат Тұрлыханов сот алдынан бірақ шықты.
Әйелін сабаған Рахат Тұрлыханов сот алдынан бірақ шықты

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың жиені әрі бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов әйелін соққыға жыққаны үшін тағы да сотқа келді.

2023 жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйеліне қол көтерген. Сотта ол кінәсін мойындап, өкініп, тараптардың татуласқанын айтып, істі тоқтатуды сұрады.

«Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, күйеуімен татуласқанын хабарлады. Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік ескерту түріндегі жаза тағайындалды», – деп хабарлады соттан.

Айта кетейік, өткен жылы Тұрлыхановқа әйелін соққыға жыққаны үшін айып тағылған болатын, бірақ кейін тараптар татуласқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.