«Мемлекеттік қызметті басқарудағы цифрлық инновациялар: үрдістер мен үздік тәжірибелер» атты халықаралық онлайн конференцияға әлемнің 13 елі мен халықаралық ұйымдардан 100-ге жуық сарапшы мен үкімет өкілдері қатысты.
Бұл – Астана мемлекеттік қызмет хабы Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған, жыл сайынғы үшінші онлайн конференция, онда мемлекеттік қызметтің өзекті тақырыптары талқыланады.
«Бүгінде мемлекеттік қызмет менеджменті заманауи технологиялар мен басқарудың жаңа әдістерін қолданады, бұл оның икемді, азаматтарға бағдарланған және ашық болуына мүмкіндік береді», – деді Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов. Байменов елдер арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрландыру және мемлекеттік қызмет менеджменті бойынша әлем мойындаған көшбасшы Корея үкіметіне өз тәжірибесімен бөлісуге үнемі дайын екендігі үшін алғыс білдірді.
Корея Республикасы Персоналды басқару министрі Ким Сон Хо мемлекеттік қызметке цифрлық инновацияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. «Бүгін біз COVID-19 өршуімен жеделдетілген сандық трансформацияның үлкен толқынына тап болдық. Біздің министрлік жасайтын цифрлық реформалар, оның ішінде «e-Saram» әзірлемесі корей үкіметінің негізгі саяси міндеттерінің бірін іске асыруға, атап айтқанда «әлемдегі барлық деректерді біріктіретін үздік сандық платформа құруға» ықпал етеді, – деді ол. Министр сондай-ақ, оның ведомствосы мемлекеттік басқаруды дамытуға белсенді үлес қосып, білген-түйгендерімен халықаралық қоғамдастықпен бөлісуді жалғастыратынын, атап айтқанда, Астана мемлекеттік қызмет хабын қолдайтынын және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы орынбасары Азамат Жолманов отандық мемлекеттік қызметтің цифрландыру саласындағы жетістіктерімен бөлісті, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін осындай іс-шараларға қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция барысында Оңтүстік Корея спикерлері «e-Saram» платформасын таныстырып, Корея Республикасы персоналды басқару министрлігінің жылдық есебінің түйіндемесін ұсынды.
Бельгияның озық тәжірибесін BOSA федералды мемлекеттік қызметі цифрлық трансформация басқармасының өкілі баяндады. Сонымен қатар, Грузияның Мемлекеттік қызмет Бюросы, ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі және Өзбекстанның мемлекеттік қызметті дамыту агенттігінің спикерлері мемлекеттік қызметті цифрландырудың бағыттары, қазіргі сын-тегеуріндер мен перспективалар туралы айтып берді. Қырғызстанның Мемлекеттік қызмет істері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігінің спикері «Sanarip Aimak»платформасы туралы айтып, өз елінің тәжірибесіне тоқталды. Семинарда айтылған маңызды идеялардың бірі цифрландыру дәуірінде бірінші кезекте адамдардың мүдделеріне ерекше назар аудару болды.
Аталған елдердің тәжірибесі конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл пандемия кезінде бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету үшін цифрлық инновациялардың маңызы едәуір артқандығына байланысты.
Барлық спикерлер сондай-ақ Хабтың озық практикаларды ілгерілетудегі, қатысушы елдер, әріптестер және сарапшылар қауымдастығы арасында тәжірибе мен білім алмасудағы рөлін ерекше атап өтті. Хаб өз кезегінде қатысушы елдер мемлекеттік органдарын мемқызметті инновациялық дамытуда және адам ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін цифрлық құралдарды іздеуге бағытталған күш-жігерін қолдауда белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024