«Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбекті қабылдады.
Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ ауыл әкімдерін алғашқы тікелей сайлау нәтижесі талқыланды.
– Биыл партия бірнеше маңызды науқан өткізді: біз Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысып, жеңіске жеттік, сондай-ақ тарихымызда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Партияның орталық аппараты мен филиалдары жергілікті жерлерде ауқымды жұмыс атқарды. Қараша айында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу жоспарланып отыр. Онда өткен науқандардың қорытындысы бойынша көзге түскен партия белсенділерінің еңбегін атап өтуіміз керек, – деді Елбасы.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастыру керектігін айтып, сайлауалды уәделердің жүзеге асуын қадағалаудың маңыздылығына тоқталды.
– Жұртшылықпен жұмысты жалғастырған жөн. Олардың мәселелерін білу, атқарушы билік органдарына жеткізу және шешімін табуын қадағалау қажет. Партия беделін нығайтуды әрі қарай жалғастыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Б.Байбек ауыл әкімдерін сайлау нәтижелерін баяндады, сондай-ақ «Nur Otan» мүшелері мен электораттың бұл процеске белсене атсалысқанын атап өтті.
– Ауыл әкімдерін тікелей сайлаудың қорытындысы бойынша біздің партияның өкілдері округтердің 86 пайызында жеңіске жетті. Партия арқылы сайланғандардың 35 пайызы жаңадан келгендер. Жалпы әкімдер корпусы 50 пайызға жаңарды. Олардың орташа жасы – 46, әйелдер – 11 пайызды, жастар – 14 пайызды құрады, – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
Б.Байбектің мәліметі бойынша жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауларына 103 мыңнан астам адам хабарласып, 20 мың азамат қабылданды. Сондай-ақ өңірлерде қоғамдық кеңестер арқылы түскен 4,5 мыңнан астам өзекті әлеуметтік мәселе партияның бақылауына алынды.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлауалды индикаторлардың орындалу барысы туралы есеп берілді. Сондай-ақ партияның жастарды және халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарын қолдау шаралары, өңірлерде партиялық бақылауды қамтамасыз ету қызметі туралы ақпарат ұсынылды.
Соңында Елбасы партияның орталық аппараты мен өңірлік филиалдарына Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізуге жан-жақты дайындық жүргізуді тапсырды.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024