Бішкекте «Ашық деректер саясаттары, практикалары және кейстері» атты семинар өтті, онда Орталық Азия мен Кавказ елдері 60-тан артық өкілдері ашық деректер саясаты бойынша Корея, Канада, Эстония және ЕО елдерінің табысты тәжірибелерімен танысты.
Қырғыз Республикасы цифрлық даму вице-министрі Индира Шаршенова «жыл сайын мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға бюджет қаражатының едәуір бөлігі жұмсалады. Мәліметтер біртіндеп ескіріп, құндылығын жоғалтуда. Уақытында жарияланған ақпарат қоғамға экономика, ғылым және техника үшін құнды шикізат ретінде қызмет етіп, жаңа қызметтерді ашып және азаматтардың өмірлік таңдауын жасауға негіз бола алады», – деді ол. «Өз елдеріміздің жоспарларын жүзеге асырумен қатар, жаһандық цифрлық процестерге ілесіп, өз орнымызды табуға үлгеру үшін интеграцияға, дата-центризмге белсенді көшу маңызды. Күшіміз – бірлікте», – деп атап айтты Шаршенова.
Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) жанындағы деректерді кешенді талдау орталығының директоры Чул Ким «халықаралық қауымдастық қазіргі кезде климаттың өзгеруі, дағдарыс және әлеуметтік-экономикалық теңсіздік сынды көптеген мәселелерге тап болып отыр. Осы орайда, ашық деректер – цифрлық экономиканың негізгі элементі және алдымызда тұрған көптеген сын-қатерлерді тиімді еңсеру жолындағы таптырмас ресурс», – деп айтты.
Астана Мемлекеттік қызмет хабының жоба менеджері Бақыт Жексембай «пандемия жаңа технологияларды кеңінен қолданудың және бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен жылдамдығын жақсартудың катализаторы болды», – деп атап өтті. «Цифрлық үкімет саласындағы соңғы жағдайлар аясында деректерге көбірек ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету маңыздырақ бола түсті. Осыны қамтамасыз ету барысында деректердің дұрыстығы, дәйектілігі және уақтылы берілуі сияқты қағидаларды сақтау, сондай-ақ кез келген кемсітушіліктен аулақ бола отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік беру өте маңызды. Мемлекеттік деректер ашық бола түскен сайын мемлекеттік институттар азаматтар үшін барынша таза әрі есеп беруі арта түседі, бұл түптеп келгенде, әлеуметтік капитал ғана емес, тиімді әкімшілік капитал саналатын қоғамдық сенімді арттыра алады», – деді спикер.
Сонымен қатар, БҰҰДБ Қырғызстандағы Тұрақты өкілі орынбасары Моника Ризал және Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттік директоры Эльчибек Жантаев та өз пікірлерін ортаға салды. Олар азаматтардың қолжетімді ақпаратқа құқығын кеңейту мен ашықтығын арттыруда, олардың мүмкіндіктері, өзара әрекеттесуі мен әлеуметтік интеграциясы үшін ашық деректер саясатының шешуші рөл атқаратынына тоқталды.
Семинар барысында Корея және KMG Балтық елдеріндегі халықаралық сарапшылары ашық деректер саясаты негіздерімен, оны іске асырудағы сынақтармен, сондай-ақ ашық деректерді ашу және пайдалану кейстерімен таныстырды.
Қатысушылардың осы саладағы мәселелерді талдап, ашық деректер саясатын жүзеге асыру бойынша кеңестер алуға мүмкіндіктері болды. Іс-шара барысында Қырғыз Республикасы өкілетті мемлекеттік органдарында болды, цифрландыру саласындағы инновациялық жобалармен танысты.
Екі күндік семинар Астана Мемлекеттік қызмет хабы (Хаб), Қазақстандағы БҰҰДБ, Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS), Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі (NIA), Қырғыз Республикасының цифрлық даму министрлігі және Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттігі ұйымдастыруымен және Қырғызстандағы БҰҰДБ қолдауымен өтті.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024