Қазақстан мемлекеті Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан шекараларымен төрт трансшекаралық хаб салады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлады Ақорда.
Президент отандық бизнес көрші елдердің нарығына шығуы үшін заманауи инфрақұрылымды дамыту қажет екенін айтты.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы табысты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар тағы төрт трансшекаралық хаб: оның екеуін Ресеймен шекарада, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекарада бір-бірден салу жоспарлануда. Бұл транзакциялық шығындарды азайтуға, көлік логистикасының тиімділігін арттыруға және нәтижесінде экспортымызды ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді Тоқаев Қазақстан президентінің «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтары иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімінде бейнебайланыс режимінде сөз сөйлеп.
Мемлекет басшысы елімізде өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және сапаны бақылаудың заманауи жүйесін енгізудің маңыздылығына назар аударды.
«Кәсіпорындардың бизнес-процестеріне жасалатын диагностика осы саладағы жаһандық үрдістерге сай болуға тиіс. Бұл жерде, ең алдымен, цифрландыру және Индустрия 4.0 элементтерін пайдалану туралы сөз болып отыр. Осыған байланысты «Алтын сапа» конкурсының талаптарын Сапаны басқарудың еуропалық қорының (EFQM) жаңа моделіне біртіндеп сәйкестендіру керек. Біз үздік халықаралық үлгілер мен тәжірибелерге сай болуымыз қажет», – деді ол.
Сонымен қатар президент өнеркәсіп саласында білікті мамандардың жетіспейтініне ерекше назар аударды. Бұл – индустрияландыру үдерісін тежейтін факторлардың бірі.
Тоқаевтың айтуынша, 2025 жылға қарай 500-ге жуық индустриялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024