Астана мемлекеттік қызмет хабы Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, басшы буын мемлекеттік қызметшілеріне, білім беру және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне «Саясатты айқындайтын адамдар үшін перспективалық ойлау және сценарийлік жоспарлау» (Futures Thinking and Scenario Planning for Policymakers) тақырыбында біліктілікті арттырудың арнайы бағдарламасы бойынша тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар сценарийлік жоспарлау арқылы перспективалы ойлау тұжырымдамасымен, күрделі жағдайларда өзгерістердің алдын-ала болжау, жасырын болжамдарды ашу және өз ұйымдарындағы әлсіз жақтар мен кемшіліктерді анықтау қабілетін арттыру үшін басқа да құралдармен танысты.
Астана Мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов өз сөзінде болашаққа бағдарланған ойлауды дамыту үшін осы тренингтің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. «Жағдайды Екібастұзда орын алған жағдай секілді шектен шығармау үшін болашақ сынақтардың алдын алатын және оларға дайындықты қамтамасыз ететін жоспарлау құралдарын пайдалану қажет», – деді Байменов.
Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің деканы
Венг Ват Хуэй перспективалық ойлау саясат қалыптастыратын адамдарға өздерінің комфорт аймағынан шығып, тікелей қызмет салаларынан тыс кеңірек жүйелі контекстті жеке және ұйымдастырушылық деңгейде қарастыруға ықпал етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Тренингті Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінен (LKYSPP) шақырылған жетекші жаттықтырушылар Адриан Куа мен Джаред Пун өткізді. Олардың Сингапур Премьер-Министрінің Кеңсесінде мемлекеттік және жеке секторларда ұлттық және ұйымдастырушылық деңгейдегі сценарийлерді әзірлеу бойынша үлкен тәжірибесі бар.
Тренинг интерактивті форматта өтті, онда қатысушылар тыңдаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар өз идеяларымен белсенді түрде бөлісіп, топтық пікірталастарға қатысты.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024